“Халықаралық театр сыншылар бірлестігі” ұйымының сарапшылары жыл қорытындысын жасады. 2020 жылғы “Үздік театр қойылымы” номинациясын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының “Шағала” қойылымы иеленген.
Пьеса Антон Чеховтың ең атақты шығармасы – “Шағаланың” негізінде жазылған. Қайғылы махаббат оқиғасы туралы трагикомедияның режиссері – Елік Нұрсұлтан. Ал қойылымда Аркадина рөлін сомдаған Жанар Мақашева “жылдың үздік актрисасы” атанды.
