17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурация апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шарада Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Әнші қобыз бен сыбызғының сүйемелдеуімен “Самалтау” халық әнін орындады. Димаш шараны ұйымдастырған Sister Cities International бауырлас қалалар халықаралық қауымдастығына осы мүмкіндік үшін алғысын білдірді. Ал SCS бас директоры Лерой Аллала болса, қазақстандық орындаушының шығармашылығы көп халықты, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті.
Айта кетсек, Димаш — АҚШ президентін инаугурациялау шарасына Қазақстаннан қатысқан алғашқы әртіс. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты шара онлайн-режимде өтті.