Q-pop бағытында ән айтып жүрген СrystalZ герлзбенді ресми түрде жұмысын тоқтатты. Бұл туралы MM Entertaintmen instagram парақшасында хабарланды.
“Біз, ресми түрде, CrystalZ тобы шығармашылық қызметін аяқтағаны туралы хабарлаймыз. Осындай жағымсыз жаңалықтарүшiн, IONS, сiздерден шын жүректен кешірім сұраймыз”, — деп жазып, CrystalZ тобының қатысушылары мен қолдау білдіргендер жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
Көптің пост астына қалдырған комменттеріне қарағанда, топтың ыдырауына біраз қатысушының ұжымнан кетуі себеп болған.