Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Меган Марклдың әкесі қызы туралы бар шындықты деректі фильмде көрсететінін айтты

Томас Маркл британиялық The Sun баспасына берген сұқбатында қызының ешкім көрмеген мұрағаттық фото-видеоларын көрсететін деректі фильм түсіріп жүргенін хабарлады.

by Opa Media
19.01.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Фильмнің шығатын күні әлі белгісіз, бірақ Томас түсірілімді биыл аяқтағысы келетінін айтты. «Фильмнің басында менің өмірім, отбасым, театр мен телевизияға құштарлығым және бұл салаға қалай келгенім туралы айтылады. Одан бөлек, Меган екеуміздің өміріміз, оның өсіп-жетілгені, колледжге барғаны және мансап жолы қалай басталғанын баяндаймын. Қызымның алғашқы некесі және содан бастап оның өмірі қалай жалғасқаны туралы да айтамын…”,  –  дейді ол. 

Фильмді түсіруге қызы екеуі арасындағы кикілжің түрткі болған. Бұның алдында Меган Маркл өзі және әкесі туралы жалған мәлімдемелер жасағаны үшін The Mail on Sunday компаниясына қарсы сот ісін қозғаған болатын. Алайда Томас сотта таблоидты қолдайтынын айтып,  қызына қарсы шығуға дайын екенін білдірді.

Бұған дейін әкесі қызының патшалық құзыреттіліктен бас тарту туралы шешімін айыптаған. Ол Гарри мен Меганның бұл әрекеті Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ге «зиян тигізгенін» айтты. Томас  Сассекстік герцогиняның бұл шешімі оны ренжіткенін айтқан. 

Британиялық ханзада Гарримен некелеспей тұрып, бұрынғы “Форс мажор” жұлдызы әкесімен жақсы қарым-қатынаста болатын, бірақ өміріндегі үлкен өзгерістерден кейін отбасылық драмалар басталған: қызы жаңа статусқа аяқ басқалы арасында кикілжің толған Томас пен Меган қарым-қатынасын үзді.

Tags: Гарри ханзадаМеган марклТомас Маркл

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС