Netflix стримиң сервисі 2021 жылы жарық көретін фильмдердің превьюін жариялады. Сервис әр аптада бір фильм шығаруды жоспарлап отыр. Биыл барлығы 70 фильм жарық көрмек.
Превьюде танымал актерлер түскені белгілі болды. Атап айтқанда, олардың қатарында Зендея, Леонардо ДиКаприо, Дуэйн Джонсон, Райан Рейнольдс, Сандра Буллок, Мэрил Стрип, Дженнифер Лоуренс және т.б.
Netflix russia youtube арнасы биыл киносүйер қауым үшін “ұмытылмас жыл” болатынын атап өтті.