Жас модельді Мерт Алас пен Маркус Пигготт дуэті түсірді. Фотографтар шығарылымның видеотизерін желіге жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Италиялық Vogue-тың бас редакторы Эмануэль Фарнети журналдың жаңа нөмірін әртүрлі буындарға арнағанын айтты.
Ромео Бекхэм – Виктория мен Дэвид Бекхэмнің ұлы, 2002 жылы дүниеге келген. Алғашында Виктория баласын көпшіліктен жасырып жүрді. Онысына Ромеоның эпилепсиямен ауырғаны себеп болған екен. Біраз уақыттан кейін Ромео көпшілік назарына шыға бастады, тіпті Burberry-дің жарнама науқанының бет-бейнесіне айналды.
Дэвид Бекхэм ұлының бұл жетістігіне қуанып, Instagram парақшасында “Сенімен сондай мақтанамын, Ромео Бекхэм” деген жазба қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram