2021 жыл 34 жастағы Арми Хаммер үшін үлкен дау-дамаймен басталды. Алдымен актер өзін «100% каннибал» деп атап, көңілдесінің соғып тұрған жүрегін қолында ұстап тұрғанын елестететіні туралы жазған хат-хабарлардың скриншоттары желіде пайда болды (түпнұсқалығы әлі дәлелденген жоқ).
Келесі күні Хаммердің Instagram-да құпия аккаунты бары туралы ақпарат баспасөзге тарады. Оған сүйенсек, актер желіде el_destructo_86 лақап атымен тіркелген. Онда актер бұрынғы әйелі Элизабет Чэмберс және екі баласымен кездеспес бұрын есірткі сынағын тапсыру керегін айтып, тыйым салынған заттар «ажырасудан әлдеқайда қызық» деген жазба қалдырған.


Ең көп шу шығарған пост — Армидің қонақ бөлмесіне экскурсия өткізген видеосы. Кадрда көп ұзамай оны күтіп тұрған қыз пайда болады. Осы сәтте кадр сыртындағы адам «Кайман аралдары аруы» байқауының жеңімпазымен жыныстық қатынасқа түсетінін хабарлайды.
Бұл видео баспасөзде үлкен жанжал тудырды, тіпті сол сұлулық байқауының ұйымдастырушылары да оған реакция танытты. Осы жағдайға байланысты Арми ресми мәлімдеме жасады. Cayman Compass баспасымен өткен сұхбатта видеодағы қызды «Кайман аралдары аруы» деп әзілдеп айтқанын мойындады, осылайша, өзінің Instagram-дағы құпия аккаунтының түпнұсқалығын растады.
“Менің жеке Instagram аккаунтымнан ұрланған видеодағы қыз «Кайман аралдары аруы» атағына ие емес екенін түсіндіріп кетейін. Менің бұл әзіл-қалжыңым түсініспеушілік тудырғанына шын жүректен өкінемін. Сондай-ақ, «Кайман аралдары аруы» байқауының жеңімпазы мен сұлулық байқауын ұйымдастырушылардан кешірім сұраймын», — деп түсіндірді актер.
Осы жағдайға байланысты актер Дженнифер Лопеспен бірге жаңа фильмнің түсірілімінен бас тартқанын айтады. Қазір Хаммер кішкентай балаларын бірнеше айға қалдырып, басқа елге кету (түсірілім Доминикан Республикасында өтеді) идеясы онша емес екеніне сенімді.