Танымал опера әншісі Сүндет Байғожин қызды болды. Бұл туралы жұлдыз Instagram парақшасында хабарлады.
“Аллаға шүкір жылдың басы бiздiн отбасымыз үшiн үлкен қуанышпен басталып жатыр. Аллага тағалаға мын да бiр шүкір. Бүгiн өмiрiмде үшiншi рет әке атандым. Сания мен Фатиманың артынан ерген қызым дүниеге келдi! Балаларымның анасы Айшуля, жаным, рахмет саған”, — деп қуанышты жаңалығын бөлісті.
Сүндет Байғожинді өнердегі әріптестері мен тыңдармандары құттықтап жатыр.
Айта кетсек, 36 жастағы опера әншісі былтыр Қызылорда облысы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.