Джеймс Бонд рөлін сомдаған танымал британиялық актер Шон Коннери 90 жасында қайтыс болды.
Ресми мәліметке сәйкес, Коннери Багам аралдарында, ұйықтап жатқан кезінде қайтыс болған. Өлімінің себебі туралы әлі хабарланған жоқ. Десе де, актердің ұзақ уақыт ауырғаны белгілі.
Коннери «Джеймс Бонд» туралы фильмдер сериясындағы басты рөлдің арқасында танымал болды. Алғаш рет оны 1962 жылы «Доктор Ноу» фильмінде сомдады.
Бондиандағы түсірілімнен бөлек, актер 70-тен астам фильмде ойнаған.
Коннери — «Оскар» сыйлығының иегері, «Алтын глобус» сыйлығының үш дүркін лауреаты. Сондай-ақ, оған «Der Name der Rose» фильміндегі ең үздік ер адам рөлі үшін және «Жыл адамы» номинациясындағы жеңісі үшін екі бірдей BAFTA сыйлығы берілді.