Мөлдір Әуелбекова 2017 жылы құрған “Назар” тобына тағы бір әнші іздестіруде. Кастиң жабық түрде өтпек. Бұл туралы әнші Instagram-да хабарлады.
Әуелбекованың сөзінше, пандемияға байланысты іріктеуді кейінге шегеріп келген. Енді тез арада топтағы үш орындаушының қатарын толықтыратын әнші керек екен.
“Енді күтетін уақыт жоқтың қасы. Мына үш сұлуымның қатарын толықтыратын тез арада талантты ару керек! Кастингті жабық түрде өткізуге мәжбүрмін. Инста арқылы әзір екі қыз көзіме түсті, бірі Шымқалада, бірі Алматыда. Тағы таланттар болса аккаунттарын жазып белгілеп өтсеңіздер. Мен қарап шығып НұрСұлтан қаласына жабық тыңдауға шақырсам деген ниетім бар”, — деп жазды әнші желіде.
Айта кетсек, “Назар” тобының бұрынғы қатысушылары тұрмыс құруына байланысты топтан кеткен.