Абу-Дабиде UFC Fight Night турнирі өтіп, онда қазақстандық Сергей Морозов ММА-дың ең мықты Лигасында өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізді.
31 жастағы Морозов жақында мансабын аяқтаған Хабиб Нурмагомедовтың інісі 24 жастағы Омар Нурмагомедовпен кездесті. Олар жеңіл салмақ санатында жұдырықтасты. Жекпе-жек мерзімінен бұрын екінші раундта Морозовтың жеңілісімен аяқталды.
Қазақстандық файтер үшін бұл жеңіліс ММА мансабындағы төртінші жеңіліс болды. Бұған дейін ол 16 рет жеңіске жеткен.