Лос-Анджелес маңындағы Санта- Кларита қаласында кинотүсірілімде жүрген Санжар Мәди дауылға тап болғанын хабарлады. Ол бұл туралы instagram-да жазып, жергілікті жағдайды “ақырзаманға” теңеді.
“Ақыр заман. Қазір Санта-Кларитада тура мағынасында ақырзаман болды. Кеше таңғы сағат 2-де аздап дауыл болған. Мұндай жағдайда аудан басшылары қаладағы электр қуатты толығымен өшіреді, өйткені жақында тұрғындар мемлекеттен үлкен соманы талап еткен. Сот ісі қозғалған. Себебі жел, ұшқан бұтақтар мен электр сымдары салдарынан өрт басталған”, — деп жазды Санжар Мәди.
Актердің сөзінше, электр қуаты өшкен соң генератор мен кабель сатып алуға дүкенге барса, сөрелерде түк қалмаған. Сөйтіп сол түнді су, жарық және жылусыз өткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram