17 жастағы танымал әнші әрі блогер Садраддин “Зажигалка” әнін шығарды. Жас әнші желіде жаңа әні ерекше күні жарық көргенін атап өтті.
“21-ші ғасырдың 21-ші жылы 21-і күні шыққан жаңа әнімді тыңдай аласыздар”, — деді ол Instagram stories-те.
Әнді барлық музыкалық платформалардан тыңдауға болады.
Айта кетсек, Sadraddin бұған дейін “Алия”, “Грустный танец под дождем”, “Королева” сияқты әндерімен танылды.