Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Жұлдыз жұп Бен Аффлек пен Ана де Армас айырылысты

Былтыр жұрт ең көп талқылаған Голливуд жұптарының бірі айырылысты.

by Opa Media
21.01.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Америкалық актер Бен Аффлек пен көпшілікке «Пышақ суыру” (Достать ножи) фильміндегі басты рөлімен танылған актриса Ана де Армас ара қатынасын үзді. 

Актерлер 2019 жылдың соңында “Терең су” (Глубокие воды) фильмінің түсірілімінде танысқан. Түсірілім біткен соң жұп Кубаға (Ана де Армастың отанына) демалысқа кеткен болатын. 

Екеудің қатынасы өте тез дамыды. Коронавирус пандемиясы басталғанда актерлер бірге өмір сүретін болып, «романтикалық карантин» жасады. Кейінірек Бен Аффлек сүйіктісін тіпті бұрынғы әйелі Дженнифер Гарнермен бірге тәрбиелеп отырған балаларымен таныстырды.

Көз тамсанар жұптың айырылысуына келешекке екі түрлі көзқарасы себеп болған көрінеді. 32 жастағы Ана де Армас сәбилі болуды армандаса, үш баланың әкесі  Бен Аффлек бұған қарсы болған екен. Осы себептен сүйіктілердің қатынасы қараша айында бұзыла бастапты. Ал күні кеше екеуінің телефон арқылы қатынас үзгені белгілі болды.

Tags: Ана де АрмасБен Аффлек

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС