Екі баланың анасы апта сайынғы тамақтану шығындарын алты есе азайта алған.
Ұлыбританиялық Келли Коста есімді әйел бұған дейін азық-түлікке аптасына 60 фунт жұмсаған екен. Баласының денсаулығына байланысты жұмыстан шыққаннан кейін Коста тамақтану шығындарын он фунтқа дейін азайта алғанын айтады.
Әйел барлық өнімдерді тек жеңілдікпен сатып ала бастаған. Супермаркетке тек жабылар кезде барады екен. Кейбір тауарлардың құны 75 пайызға дейін төмендейді екен. Сондай-ақ, бірден жемейтін тағамдарды әйел мұздатқышқа салып, қатырып қояды. Келли Коста акциялар туралы ескертетіп, он пайыздық жеңілдік алуға мүмкіндік беретін арнайы қосымшаны орнатып, күнделікті хабарламалар алып отырады.
Сонымен қатар, Келли супермаркет қызметкерлерінен азық-түлік бағасын төмендету мерзімі туралы егжей-тегжейлі біліп отыруға кеңес береді.