Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

«Біз» деген енді жоқ»: Ольга Бузова Давамен айырылысқанын айтты

Әйгілі тележүргізуші Ольга Бузова мен рэпер әрі блогер Давид Манукянның айырылысқаны белгілі болды.

by Opa Media
22.01.2021
Reading Time: 2 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Бұл туралы Ольга Бузова өзінің Instagram-парақшасында жазды.  Бузова экс-сүйіктісін «қорқынышты, түсініксіз нәрселер жасайды» деп айыптады. «Біз» деген енді жоқ. Мен басы бос қызбын», — деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ольга Бузова (@buzova86)

Сондай-ақ, ол оқырмандарынан артық сұрақ қоймауды өтінді. «Маған қазір бұл жағдайды өткеруге көмектесіңіздер. Сіңлімде — инсульт, анам әжемнің жанында Литвада, ол қазір қатерлі ісікпен күресіп жатыр. Бұл — менің уайымымның аз бөлігі ғана. Мен оған (Дава) бақытты сәттеріміз үшін алғыс айтамын. Жақсы көрдім және жақсы көремін де», — деп, Бузова бұдан былай қатынасын үзгені туралы әңгіме қозғамайтынын айтты. Манукян бұл жаңалықты әлі растаған жоқ.

Сүйіктілер арасындағы жанжал туралы қауесет тележүргізушінің туған күнінен кейін айтыла бастады — рэпер Бузованың мерекесіне кешігіп, соңынан келген. Осы жағдайдан кейін Дава Stories-ке: «Менің өмірімде не нәрсе болса да, сүйікті ісіммен айналыса беремін. Қазір жобаларға қатысып, сіздер үшін барынша тырысып жүрмін. Бәріміз ересек адамбыз, сіздерден түсіністік пен қолдау күтем”, — деген хабарламасы бар видео салды. Жанкүйерлер бұл жұлдыздар арасында болған келіспеушіліктің тағы бір дәлелі деп шешті.

Айта кетейік, жұлдыз жұп үйлену тойын Мальдив аралдарында өткізген болатын. Бірақ Ресейде ол некенің заңды күші жоқ боп шықты.

Tags: ДаваДавид МанукянОльга Бузова

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС