Netflix стримиң сервисінің кезекті сериалы “Люпен” (Lupin) бұрынғы рекордты жаңартпақ. Сериал 8 қаңтарда көрермен назарына ұсынылып, 3 аптада экс рекордсмен “Бриджертон” (Bridgerton) мен “Патшайым жүрісі” (The Queen’s Gambit) cериалдарының 28 күндегі көрсеткішін асып түсті.
Сарапшылардың болжамынша, “Люпен” сериалы премьерасына 28 күн толғанда 70 млн көрілім жинайды. “Патшайым жүрісін” дәл осындай уақыт ішінде 62 млн, ал “Бриджертонды” 63 млн адам көрген.
“Люпен” қазірдің өзінде Netflix-тің үздік 10-дығына енген алғашқы француз сериалы болып отыр. Бразилия, Вьетнам, Аргентина, Германия, Италия, Испания және Польшада сериал танымалдығы жөнінен тіпті бірінші орынға шықты.
“Люпен” — Алаяқ Ассан Диоп туралы шытырман оқиғалы детектив. Басты рөлді “1+1” және “2+1” фильмдерімен танымал француз актері Омар Си сомдаған.