Әйгілі модель, актриса Эмили Ратаковски жүктілігінен ләззат алып, оқырмандарын жаңа фотоларымен жиі қуантып жүр. Алайда, суретін көрген фоллоуерлері Эмилиді «Аяғың ауыр кезде ерніңе филлер салдырып, ісіріп алдың. Балаңды ойламадың» деп, сөге бастады.
Модель бұны жауапсыз қалдырмастан: «Мен ешқашан ернімді үлкейтіп көрмеппін. Жалпы ол процедураға, оны жасатқан адамдарға еш қарсылығым жоқ — оларға әдемі жарасады. Бірақ жүктілік кезінде инъекцияларға тыйым салынады. Бұл уақытта әйелдің қан мөлшері 50%-ға артады, сондықтан беті мен ерні аздап ісінуі мүмкін», — деп жауап берді.
Еске салайық, қазан айының соңында Эмили Ратаковскидің алғаш рет ана болатыны белгілі болды. Жұлдыз қуанышты жаңалықты Vogue-тың digital-мұқабасына түскен суретімен жариялады.