Әлемдік кино саласында танымал болған “Жан” (Soul) мультфильмі қазақ тілінде прокатқа шықты.
“Жан” онлайн-кинотеатрдан қазақ тілінде көруге болатын Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures студияларының 35 фильмінен тұратын коллекция қатарын толтырды. Отандық кинотеатрлардан “Жан” мультфильмін екі тілде тамашалауға болады.
Фильм кино сыншылардың оң пікірін алып, Pixar студиясының кейінгі жылдардағы ең үздік туындыларының бірі деп аталды.
Мультфильм режиссері Питер Доктер бұған дейін де танымал туындылар шығарған. Атап айтқанда, көпшілікке “Ойыншықтар оқиғасы”, “Жоғары”, “ВАЛЛ-И”, “Бас қатырғыш” мультфильмдерін сыйлаған.