Nomad Stunts-тың негізін қалаушы әрі жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясының “Таурус” сыйлығы иегері атанғаны былтыр белгілі болған. Күні кеше жүлденің мүсіншесі қолына тиді. Бұл туралы Nomad Stunts Facebook парақшасында хабарлады.
“Көптен күткен мүсінше, біздің Қазақстанда және Орталық Азия тарихындағы алғашқы “Таурус” ақыры бізге келді! Бұл дүниежүзілік каскадёрлар академиясының ең жоғарғы марапаты, фильмдегі үздік каскадёрлық қойылымға, ал Nomad Stunts тобы ресми түрде әлемдегі үздік каскадёрлар болып есептеледі”, — деп жазды каскадерлер академиясы. (автордың орфографиясы сақталған)
Жайдарбек Күнғожинов бұл марапатқа “Томирис” фильміндегі трюктері үшін лайық деп саналды. Каскадерді белгілі режиссер Ақан Сатаев құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram