Америкалық әйгілі модель Кендалл Дженнер Швейцарияда тұратын қазақстандық бизнесмен, модель Димаш Әділетке қызығушылық танытқан.
Дженнер Димаштың instagram stories-ін тамашалапты. Мұның скриншотын жасап алған Димаш Instagram stories-ке онысын “Хей, Кендалл, ұялма” деп жазып жүктеді.

Сонымен қатар, соңғы постында қазақстандық бизнесмен: “Комменттер мен келген хаттарға сүйенсек, мен Кендаллға жазбайынша тынышталмайтын сияқтысыздар”, — деп жазып күлген.
Димаштың америкалық модельге қосылғанын қалайтындардың қатарында отандық әнші Нұрболат Абдуллин де бар. Ол жігіт жазбасының астына “Кендалды келін қыл” деген коммент қалдырыпты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетсек, Дженнер мен Әділет екеуі жасты: 1995 жылы дүниеге келген.