Досымжан Таңатаров ҚР Ұлан Президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шықты. Бұл туралы әртіс Instagram парақшасында айтты.
“Осы жылдардың ішінде елімізге келген көптеген сырт мемлекет басшылары, арнайы келген қонақтарының мемлекеттік іс-шараларында және өзімізде өтіп жатқан салтанатты мерекелік концерттерде осы ұжыммен көптеген қызмет атқарған екенмін. Осы оркестрмен АҚШ, Қытай, Германия, Ресей, Араб елдерінде өнер көрсетіп, өз еліміздің мәдениетін, өнерін танытуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын”, — деп жазып, әнші мараппаттау сәтінен видео жариялады.
Кейін оркестр ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрамына кіріп, одан да үлкен ұжымға айналған. Ал 2015 жылы Досымжан Таңатаров “Қазақстан” ОКЗ-да жеке шығармашылық кешін берген. Оның сөзінше, әскери қызмет болғаннан кейін ҚР МКҚ Президент оркестірінен майор шенімен арнайы зейнетке шыққан.