Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

“Өз елімнің туын биікке көтере алмағаныма өкінемін” Жалғас Жұмағұлов UFC-де екінші рет жеңілді

by Opa Media
26.01.2021
Reading Time: 1 min read

Фото: @zhumagulov_zhalgas

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Абу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов швед Амир Альбазиден төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіліс тапты. Жалғас UFC-дегі екінші жеңілісіне қатысты пікір білдірді. 

“Барлығы біліп отырғандай, менің #UFC257-дегі екінші жекпе-жегім нәтижесіз болды. Мені осы күнге дейін қолдаған және маған сенетіндердің барлығына,  үміттеріңізді ақтамағаныма қарамастан қолдау білдіріп, жазғандарға алғыс айтамын”, — деп жазды Жалғас Жұмағұлов instagram парақшасында.  

Қазақстандық аралас жекпе-жекші UFC ұйымында өз елінің атынан шығу өте үлкен жауапкершілік екенін айтып өтті. Ол өзіне тым көп жүк алып қойғанын жасырмады. 

“Мен өз елімнің туын биікке көтере алмағаныма өкінемін. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым, бар күшімді бердім, халқымның алдында шын ниетіммен жасадым, бірақ бәрі мен қалағандай болмады”, -деп өкінішін білдірді. 

Спортшы енді демалып, әрі қарай жаттығу жоспарын жақсартпақ.

Tags: UFCАбу-ДабиЖалғасы ЖұмағұловЖекпе-жек

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС