Кеше актрисаның агенттігі Sublime Artist Agency оның 23 қаңтарда қайтыс болып, жерлеу рәсімі кеше өткенін айтты. Бірақ әртіс өлімінің себебі әлі белгісіз.
Сон Ю Чжон косметика брендінің моделі ретінде дебют жасаған. Актерлік мансабын 2013 жылы MBC-дің «Алтын кемпірқосақ» (Золотая радуга) дорамасымен бастады. Одан бөлек, MBC-ден «Тілек тіле» (Загадай желание), KBS2-ден «Мектеп 2017» (Школа-2017) дорамаларында және «Менің атыма» (На мое имя) веб-драмасында ойнады. Сондай-ақ, ол iKON к-поп тобының «Goodbye Road», Standing Egg тобының «Friend to Lover» және Nlve-нің «How do I» әндерінің клиптеріне түскен.