Q-pop бағытында өнер көрсетіп жүрген Ninety one мен Ziruza Samsung Kazakhstan-ның ұйымдастыруымен онлайн-концерт өткізді. Әншілер осы уақытқа дейін хит болған әндерін орындады. Youtube-та жарияланған онлайн-концерт 3 күнде 100 мыңға жуық көрілім жинаған.
Концерт жүргізушісі Айсәуле Бақытбек әншілерге жеке өміріне, шығармашылығына қатысты сұрақтар қойды. Көрермендер Ziruza мен Ninety one тобының мүшесі Bala екеуі жақын қарым-қатынаста болғанын және қазір де араларында сезім барын меңзеді. Бірақ әншілер бірауыздан жұмысқа байланысты жеке өмірге уақыт жоғын айтты.