Бүркіт лақап атымен танымал Айбек Сейітов Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатал карантин болуы мүмкін деген мәлімдемесін сынға алды.
“Алдағы бірнеше айда не болатынын қалай болжауға болады? Бұл мүмкін бе? Бәлкім болашақты болжайтын өз “Вангамыз” бар шығар? ️Қазір халық ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Былтыр ешкімге оңай болған жоқ. Десе де, басқа түскен соң өткердік. Жұрттың көбі жақындары мен туыстарынан айырылды. Соған қарамастан өмір жалғасуда. Ал енді не? Қайтадан ба? Биыл дәл осындай сынақтарға халық төтеп беретініне күмәнім бар”, — деп жазды Бүркіт instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншінің айтқанына оқырмандары да қосылып, “Сөзіңнің жаны бар, Бүркіт. Былтыр жақындарымыздан айырылдық. Биыл сол жағдай қайталанбасыншы” деген комменттер жазып жатыр.