Былтыр желтоқсанның соңында Эмма Робертс пен жігіті Гарретт Хедлунд екеуі алғаш рет ата-ана атанды. Ұлды болған олар перзентінің есімін Родс деп қойды. Қазір 29 жастағы актриса бар назары мен уақытын баласына арнауға тырысып жүр, бірақ жанкүйерлерін де ұмытпайды: мысалы, кеше Эмма баласының беті кітаппен жартылай жабылған түрін көрсетті.
Актриса суретте жазушы Джоан Дидионның «Мен нені меңзегенімді айтуға рұқсат етіңіз» (Let Me Tell You What I Mean) атты кітабын оқып отырғанын түсірген. Баласы кеудесінде тәтті ұйықтап жатқан суретке анасы “Родс Джоанмен танысып жатыр” деген жазба қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram