Эстрада жұлдызы Әлішер Кәрімов Ресейде жасатқан отасынан кейін жасырын камераға түсіп қалған видеосы желіде қызу талқыланды. Бүгін әнші шулы видеоға қатысты пікірін білдіріп, instagram-ға видео жариялады.
Әнші бетіне лазерлік процедура жасату үшін Ресейге барғанын айтып, видеоны таратқандарға ренішін білдірді.
“Әр адамның өзінің жеке кеңістігі бар деп есептеймін. Алайда бұны ескермейтіндер де бар екен. Бұған желіде кешеден бері тарап жатқан видео дәлел. Белгісіз біреулер мені Санкт-Петурбургте жасырын камерамен түсіріп алыпты. Иә, расымен, мен бетіме лазерлік процедура жасату үшін Санкт-Петербург қаласына бардым. Ол процестен кейін бет ісіп кетеді. Сондықтан өзі үлкен мұрным тағы өзгермес үшін таңғышпен жүруге мәжбүрмін. Алайда, алаңдауға еш негіз жоқ. Бірер күннен соң бетімдегі таңғышты шешкенде нәтижесін көресіздер” , — деп Әлішер Кәрімов, оқырмандарына жақсылық тіледі.
Айта кетсек, бірер күн бұрын ота жасатқан Әлішер Кәрімовті белгісіз азамат жасырын камераға түсіріп, желіге таратып жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram