Алматылық “Қайрат” пен Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита Futsalplanet.com ресми сайтының рейтиңі бойынша әлемнің үздік голкипері атанды.
Бұған дейін ол 2015, 2016, 2018 және 2020 жылдары үздік қақпашы атанған. Бұл жеке марапаттар арасындағы абсолютті рекорд.
Сондай-ақ, футзалдан Қазақстан құрамасы жақында әлемдегі үздік құрама атануға үміткерлер тізіміне енген болатын.