Алмалы аудандық соты ММА спортшысы Қуат Хамитовке қатысты үкім шығарды.
Қуат Хамитов қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, шартты түрде 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылды. Сот оған осы мерзім ішінде тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салды.
Бұған дейін Хамитов соттан халықаралық турнирлерде өнер көрсеткісі келетінін айтып, оны шетелге шығу құқығынан айырмауды сұраған.
Еске сала кетсек, Қуат Хамитов қыркүйекте дезинфекция жасаушылар халықты улап жатқанын айтып, оларды ұрып-соғуға шақырған.