Ақпан айында 40 жасқа толатын Хилтон жасанды ұрықтандыру процедурасына жігіті кәсіпкер Картер Реуммен бірге дайындалып жатқанын айтты.
«Біз ЭКҰ процедурасына кірістік. Мұның арқасында мен тіпті егіздерді де туа аламын», — деп жұлдыз қуанышын білдірді.
Пэристің айтуынша, оған ЭКҰ-ны жасатуға құрбысы Ким Кардашьян кеңес берген. Ким жасанды ұрықтандыруға екі рет жүгінген екен. «Ким айтпаса, мен бұрын бұл туралы ештеңе білмейтінмін», — деді модель.