53 жастағы Андерсонның айтуынша, ол болашақ күйеуімен былтыр танысқан. Махаббат хикаясы жыл басында басталған жұп кейін карантинді бірге өткізген.
Жұп үйлену тойын Рождество қарсаңында Канададағы Ванкувер аралында Андерсонның қала сыртындағы үйінде жасаған. Екеуі рәсімді достары мен туыстарының қатысуынсыз тыныш, қарапайым қылып атап өткен. «Мен қазір мені шын жақсы көретін адамның құшағындамын», — деді Памела Андерсон.