Қуанышты жаңалығын жария ету үшін жұлдыз арнайы фотосессия жасаған. Байқала бастаған ішін көрсетіп түскен 26 жастағы әнші суретті желіге жүктеп, болашақ нәрестенің әкесін белгілеп қойған. Дүниеге келетін перзенттің әкесі сценарист Алев Айдин екен. Halsey оқырмандарын таңқалдырып, қуанту үшін суретке «Сюрприз!», — деген жазба қалдырған.
Алев болса, пост астына: «Менің жүрегім толықты. Мен сені жақсы көремін, қымбаттым» деген пікір қалдырған. Жігіттің комментіне «Without Me» хитінің орындаушысы: «Мен сені және осы кішкентай адамды жақсы көремін», — деп жауап берді. Кейін сценарист Halsey-дің постын репост жасап, әншімен қарым-қатынасын растады.
Жұптың қарым-қатынасы туралы қауесет қаңтардың басында әнші Айдинмен бірге түскен фотосын Instagram-ға жүктегеннен кейін тарай бастады. Алайда, осы уақытқа дейін екеуі бұл туралы нақты ештеңе айтпаған болатын.