58 жастағы Мур подиумға шығып, италиялық Fendi маркасының көрсетілімін ашты. Жұлдыз үстіне иығы мен кеуде тұсы ашық декольте топ пен кең шалбардан тұратын қара атласты костюм киіп шықты.
Алайда көрермендер назары актрисаның киіміне емес, бірден оның бет-әлпетіне түсті. Желідегі жұртшылық Деми Мурды пластикалық операция жасатқан деп айыптай бастады. «Бұл Деми Мур ма?.. Оны тани алар емеспін», «Өкінішке қарай, ол да бетін өзгерткен сияқты», «Мен Twitter-ге оның жаңа түрі туралы не айтқандарыңды оқу үшін ғана тіркелдім», «Демидің түріне не болған?», «Мұндай үлкен жақ сүйектерін қайтеді ол?», — деген ауыр пікірлер қалдырған.