«Х-Фактор» жобасының қазылар алқасы Нағима Есқалиева мен Анатолий Цой арасындағы шағын дау нағыз шайқасқа айналды.
Анатолий Цойдың айтуынша, халық әртісінің оған және командасына көрсеткен адуынды мінезі жоба көрермендері тарапынан аразылық тудырған. Нағима Есқалиеваны қолдаған көрермендер енді Анатолийдің жағына шығып, BRO дуэті мен DBS-ке белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Оны көрермендердің MBAND экс-солисінің әлеуметтік желідегі парақшасына қалдырған комменттерінен көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нағима Есқалиеваның екі қатысушысы қауіп аймағына түсіп, олардың бірі жобамен қош айтысты.
Шоу ережесі бойынша көрерменнің ең аз дауысына ие болған екі қатысушы қауіп аймағына түседі. Сосын өздерін құтқару үшін бір-бір әннен шырқап, қазылардың шешімін күтеді.
Еске сала кетейік, жобадан REEVOICE триосы кетіп, екі әртістің арасына жік түскен еді. Сол кезде Анатолий Нағима Есқалиеваны әділетсіз шешім қабылдады деп айыптады.