Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Ең танымал кәріс жұлдыздары мен дорамалар. Халықаралық сауалнама нәтижесі

by Opa Media
29.01.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Кеше Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігі мен Халықаралық мәдени алмасу қоры Халлю (корей толқыны) туралы 2020 жылғы зерттеу нәтижесін жариялады. Респонденттер қатарына Қытай, Жапония, Тайвань, Вьетнам, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Ресей сияқты 18 елден корей мәдени контентінің 8 500 тұтынушысы кірді. Оларға корей мәдениеті, оның ішінде телешоулар, фильмдер мен дорамалар, музыка және басқа да тақырыптарда сұрақтар қойылды. Сауалнама былтыр 24 қыркүйектен 4 қарашаға дейін онлайн жүргізілді.

Жергілікті контенттегі ең көп сұраныс үлесі сериалдарда: респонденттердің 29,7%-ы корей дорамаларын көретінін айтқан. Одан кейін — косметикалық өнімдер және жарнамалық видеолар (27,5%), ойын-сауық шоулары (26,9%) және соңғы орынға сән жайғасты (24,8%).
Респонденттерден сүйікті корей орындаушысын ата деп сұрағанда, 22%-ы BTS-ті таңдаған (былтырғы 6,8%-бен салыстырғанда 15,2%-ға өскен). BLACKPINK екінші орынға (13,5%), PSY – үшінші (2,9%), TWICE – төртінші (2,4%) және EXO — бесінші (2,1%) орынға жайғасты.

Ли Мин Хо ең сүйікті корей актерлерінің тізімін бастады, оны респонденттердің 9,6% таңдаған. Хен Бин — екінші (3,5%), Гон Ю – үшінші (2,3%), Сон Хе Ге – төртінші (2,1%), ал Ли Чон Сок – бесінші (2%) орында.

Корей фильмдері ішінде респонденттер фавориті «Паразиттер» (Паразиты) болып шықты (18,4%). Екінші орында «Пусанға жүретін пойыз» (Поезд в Пусан) (10,2%), үшінші – «Түбек» (Полуостров) (3,5%), төртінші— «#Аман қалғандар» (#Выжившие) (2,1%) және соңғы бесінші — «Аулайтын уақыт» (Время охоты) (1,6%).

Былтырғы жылдың ең танымал дорамасы болып «Махаббаттың апаттық қонуы» (Аварийная посадка любви) (9,5%) танылды. «Псих, бірақ бәрі дұрыс» сериалы (Псих, но все в порядке) 4,1%-бен екінші орынды иеленді. «Үйленген жұптың әлемі» және «Итэвон класс” дорамалары үшінші және төртінші орындарға жайғасты, респонденттердің 2,8%-ы осы дорамаларға дауыс берген. «Патшалық» (Королевство) дорамасы 2,5%-бен бесінші орынға орналасты.

Tags: BTSK-popАварийная посадка любвиЛи Мин ХоПаразиты

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС