Белгілі тележүргізуші Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін “Матай Бөрібай батыр” медалімен марапатталды. Қуанышты жаңалығын жұлдыз Instagram-да бөлісті.
“Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін “Матай Бөрібай батыр” қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Бұл төсбелгіні алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы, медальдың арты — біздің бөрі таңбамыз”, — деп жазды жұлдыз.
Сонымен қатар, Аша Матайдың отбасында тағы бір қуаныш. Әкесі Асқарбеков Марат Төкенұлы Республикалық адвокаттар алқасының медалімен марапатталған. Куәлік «Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жоғары кәсіби шеберлік танытқаны үшін. Кәсіпқойлығы үшін» беріліпті.