Жақында фоллоуері 10 млн-ға жеткен танымал қазақстандық Tiktok house-тың продюсері Jokesses тобының лидері Бексұлтан Қазыбек екені белгілі болды. Бұл туралы блогер instagram-да жазды.
“Бүгін бүкіл BIP House командасы үшін маңызды күн. Қазір BIP House-тың TikTok-тағы фоллоуер саны 10 миллионға жетті. Мұндай керемет нәтижеге алты ай ішінде жобаның барлық қатысушысының үйлесімді жұмыс арқасында қол жеткіздік. Былтырғы жыл соңынан бері мен BIP House компаниясына продюсерлік етіп келемін. Шынымды айтсам, қатысушылардың адалдығы мен жұмысына тәнтімін”, — деп жазды Бексұлтан Қазыбек.
Оның айтуынша, Jokeasses 6 жылда қанша видео түсірсе, BIP House 6 айда дәл сондай нәтижеге жеткен. Продюсер ТМД -дағы ең ірі TikTok House құруға сенім мен құрмет білдірген CEO жобасына алғыс білдіріп, BIP House әлемді бағындыратынын айтты.