Мади Рымбаев Moonlight тобының экс-әншісі Кайл Рухпен “Dalelde” әніне видеоклип түсірді. Youtube-қа жүктелген туынды 10 мыңнан астам көрілім жинаған.
Туынды Gakku телеарнасындағы жаңа жоба аясында шыққан. Видеоклипке “Тағы бір тоқсан” сериалында бас рөлдің бірін сомдаған Зере Гусман түскен.
Әнді кез келген цифрлы платформадан тыңдап, жүктеуге болады.