Танымал канадалық әнші Джастин Бибер Anyone әніне екінші видеоклипін шығарды. 26 жастағы музыкант бұл туындысын әйелі Хейлиге арнапты. Сүйіктісі роликте басты кейіпкер рөлін сомдаған.
Клип отбасылық мұрағаттан алынған олдскул видео стилінде түсірілген. Ерлі-зайыптылардың жеке өмірінен алынған фрагменттерден тұратын клип ғашықтардың бір-біріне ыстық махаббатын, нәзік сезімін баяндайды.
Видеоға, сондай-ақ, Калифорния маңындағы шатқалдардың бірінде түсірілген кадрлар да қосылған.
Anyone әні — Джастиннің махаббат балладасы. Әнші келешекте оны не күтсе де, қандай жағдай болса да, ол мәңгілік Хейлиді жақсы көріп өтетінін айтады.
Еске салайық, бұдан алдын Бибер бұл әнге ресми видеоклип түсірген болатын. Оның YouTube желісіндегі қаралымы 46 млн-ға жетті.