Димаш Құдайберген ағылшын тіліндегі “Golden” әнінің видеоклипін ресми YouTube арнасына жариялады. Туынды екі күнде 300 мыңға жуық көрілім жинады.
Dimash news сайтының хабарлауынша, “Golden”видеоклипі қазақстандық орындаушы шығармашылығындағы форматы бойынша бұрын-соңды болмаған жаңа жұмыс.
Видеоклиптің премьерасы 31 қаңтарда «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінің финалдық көрсетілімінен кейін бірден TIXR стримиң платформасында өткен.
Туынды YouTube трендінде 40-шы орында тұр.