Былтыр жазда ана атанған танымал актриса Динара Бақтыбаева босанғаннан кейінгі күйзелісі туралы Instagram-да бөлісті.
Динара Бақтыбаева шашын қысқарту туралы шешімі оған жайдан жай келмегенін жазды. Бұл негавтивтен арылу үшін жасалған рәсім болған екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Шаш қиғаннан кейін “Енді гардеробымның бәрі жаңаша көрінеді! Алақай!”деп ойладым. Бірақ тек гардероб емес. Былтыр өзімді жайсыз сезіндім. Сондай-ақ, “босанғаннан кейінгі депрессия” ұғымы да бар. Оны да өткердім. Басқалармен қарым-қатынасты азайттым. Күн сайын ауыртпалық сезініп жүрдім. Шашым ойларым сияқты шатасып кетті. Шаш қию бұл еріккеннен жасаған әрекетім емес. Мен үшін бұл ішіме жиналған негативтен арылудың тәсілі болды”, — деп жазды актриса.
Тағы бр постында мұндай шаш үлгісін бұрыннан қалағанын, алайда сән салондарындағы мастерлер үнемі қимауға көндіріп келгенін айтты. Ал қазір Динара Бақтыбаева өзін жеңіл сезінетінін жеткізді.