«Ол (маймыл) енді видеоойындар ойнай алады», — деді Маск.
Илонның айтуынша, чип примат терісінің астына терең жасырылған және оған мүлдем зиян тигізбейді. Space Х негізін қалаушы тәжірибеден өткен маймыл өзін жақсы сезінетінін айтты.
Кәсіпкер чиптеу технологиясы болашақта мидың немесе жұлынның бұзылуынан зардап шегетін адамдарға көмектесетініне және жоғалған қабілеттердің орнын толтыра алатынына сенімді.
Былтыр тамызда Маск доңыздың миына чипті имплантациялаудың сәтті тәжірибесін жасаған болатын. Орнатылған нейроимпланттар арқылы ғалымдар доңыз өз тұмсығына не тигізгенін бақылай алады. Бұл сымсыз байланыс эксперттерге жануар миының тактильді орталықтар қызметін бақылауға мүмкіндік беріп отыр.