Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының бүкіл матчы Латвияда өтеді, деп хабарлайды IIHF сайты. Халықаралық хоккей федерациясы турнир өтетін орынРига болады деп шешті.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда турнир Рига мен Минскіде өтуі керек болған, бірақ қаңтарда Беларусьтағы саяси жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты мемлекет бұл құқықтан айырылып отыр.
Биылғы әлем чемпионатына 2019 жылы топ-дивизионға оралған Қазақстан құрамасы да қатысады. Қазақстан В тобында — Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия және Италия сияқты қарсыластармен сынға түспек.
2021 жылғы әлем чемпионатын өткізу мерзімі өзгеріссіз қалды, яғни 21 мамырдан 6 маусымға дейінгі аралықта өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты былтыр әлем чемпионаты тоқтатылған болатын.