Bolt халықаралық такси сервисі Алматы және Нұр-Сұлтанда биылғы 1 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады, деп хабарлайды informburo.kz
Алғашқы алты айда Bolt клиенттерге тарифтерін 20%-ға дейін жеңілдікпен ұсынады. Сондай-ақ, жүргізушілерден платформаны пайдаланғаны үшін комиссия алмайды.
Bolt қосымшасын App Store мен Google Play-ден жүктеуге болады. Жол ақысын қолма-қол ақшамен немесе Kaspi банктің аударымы арқылы төлеуге болады.
Bolt — Эстон компаниясының қала бойынша саяхаттауға арналған еуропалық жетекші платформасы. Қазір Bolt-ты Еуропа мен Африканың 40-тан астам еліндегі 50 миллионнан астам клиент пайдаланды. Компания таксиге тапсырыс беруден бастап электрлік велосипедтерді жалға алу, азық-түлік пен сәлемдемелерді жеткізуге дейінгі қызмет түрлерін ұсынады.