Актриса басылымның бас редакторы Эдвард Эннинфулды Лос-Анджелестегі үйіне шақырып, онымен ана болу және алты баланы тәрбиелеу туралы әңгімелесті.
Сұхбат барысында Джоли коронавирустық пандемияға қарамастан, өмір тоқтаусыз жалғаса беретінін айтты. Мысалы, актрисаның ұлы Пакс биыл мектеп бітіруші түлектер қатарына кіріп, ересек өмірге дайындалып жатса, қызы Захара жүргізуші куәлігін алуға тырысып жатыр екен.
«Өзіңізді бақытты әйел санайсыз ба?» деген сұраққа Анджелина қазір жақсы кезеңді өткеріп жатқанына сенімсіз екенін айтты. Себебі Брэд Питтпен ажырасудың салдарынан кейінгі жылдар Джоли үшін ауыр болыпты.
Журналға фотосессия жұлдыздың үй ауласында жасалды. Голливуд жұлдызы Chanel, Burberry, Ralph Lauren, Dior, Max Mara, Sablyn, Tom Ford, Jean Paul Gaultier және Brunello Cucinelli сияқты брендтердің киімі мен аксессуарын тағып түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Анджелинамен бірге оның иттері Дасти мен София да кадрға ілінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram