Q-pop ханшайымы Зируза B.Jigga лақап атымен танымал рэпермен “Suiem” әніне жаңа видеоклип түсірді. Youtube желісіне жүктелген туындыны бір күнде 47 мың адам көріп, оның 5,5 мыңы әнді ұнатып, лайк басқан.
“Жүректеріңізден ерекше орын алады деген үміттемін”,-деп жазды Зируза instagram парақшасында.
Әншінің тыңдармандары комментте “Suiem” видеоклипі “Қиын/Оңай” әнінің сюжетіне ұқсайтынын жарыса жазуда. Жаңа туынды тек есейген Зирузаның болмысымен ерекшеленеді дейді.