Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Ақпанның 6 кинопремьерасы

Ақпан айында кинотеатрға барудың қажеті қанша? Егер сізге байопик драмалар, Лиам Нисон ойнайтын экшн-туындылар немесе сән әлемі туралы деректі фильмдер ұнаса, барғаныңыз абзал! Назарыңызға осы айда шығатын 6 кинопремьераны ұсынамыз.

by Opa Media
04.02.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

1. «Малкольм мен Мари» (Малкольм и Мари)

«Эйфория» сериалының жұлдызы Зендая ойнайтын «Малкольм мен Мари» фильмі. Бұл драма бүкіл әлем карантинде отырғанда түсірілген екен. Желісі бойынша бас кейіпкерлер кинопремьерадан оралып, қарым-қатынасы туралы екеуге де күрделі әңгіме бастайды.

2. «Қорғаушы» (Заступник)

Фильмнің сюжеті бойынша наркокартельдің қылмыстық әрекетіне куә болған кішкентай баланы қорғау үшін бас кейіпкер жалғыз өзі киллерлермен күреседі. Лиам Нисон ойнайтын бұл туындыны бүгіннен бастап кинотеатрдан көруге болады.

3. «Мьюзик»

Әнші Сиа бұл фильмді түсіруді 10 жылдан бері армандапты. Енді ақпанда сіз басты рөлді Мэдди Зиглер сомдайтын аутизмі бар жасөспірім қыздың оқиғасын көре аласыз. «Мен бала кезімнен мюзикл жанрын жек көремін, сондықтан оны кішкене ұнату үшін осындай музыкалық фильм түсіруді ұйғардым», — деп мойындады әнші Vogue журналистеріне берген сұхбатында. 

4. «Мавританиялық» (Мавританец)

Фильм Мохаммед Ульд Слахидің өмірі туралы болмақ. Ол істемеген қылмысы үшін тұтқынға алынып, 12 жылын Гуантанамода өткізеді. Түсірілімге Шейлин Вудли, Бенедикт Камбербэтч және Джоди Фостер қатысқан.

5. «Пьер Карден үйі» (Дом Пьера Кардена)

Сән саласына қызығатындардың бәрі П.Дэвид Эберсоул мен Тодд Хьюз түсірген деректі фильмді көруі тиіс. Онда былтыр қайтыс болған модельер Пьер Карденнің өмірі мен жұмысы туралы баяндалады. 

6. «Алаяқ» (Аферистка)

Фильм Марла есімді сүйкімді, бірақ сұмдық айлакер қыз туралы. Ол тартымдығы мен әдемі сөйлеу қабілетін адамдарды алдайтын қару ретінде қолданады.

Tags: АферисткаЗаступникМавританецМалкольм и МариМьюзикфильмдер

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС