Қазақстанда наразылық тудырған “Борат 2” комедиясы 3 номинация бойынша “Алтын глобус” сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы ресми goldenglobes.com сайтында хабарланды.
“Үздік комедия / мюзикл”, “Комедия / мюзиклдің үздік актері” номинациясына басты рөлді сомдаған Саша Барон Коэн ұсынылды, “Комедиядағы / мюзиклдегі үздік актриса” номинациясынан Мария Бакалова үмітті.
Саша Барон Коэннің комедия көркем фильмінің жалғасы 2020 жылғы 23 қазанда Amazon Prime сервисінде жарық көрді.
Үміткерлердің толық тізімін goldenglobes.com сайтынан көруге болады. Жеңімпаздар 28 ақпанда анықталады.