Былтыр қыркүйекте “Түзелмейтін алаяқтар” (Отпетые мошенницы) фильмінің жұлдызы Ребел Уилсон миллиардер Джейкоб Бушпен қарым-қатынасын растаған еді. Жұп көктемгі карантиннің басында танысып, желіге бірге түскен фотоларын салып, жанкүйерлерін қуантып жүрді. Енді болса, екеуінің айырылысқаны белгілі болды.
Бұл жаңалықты Ребел Instagram-парақшасына 20 келі салмақ тастаған суретін жүктеп растады: фотоның астына “Менің уайымым көп… Охх… Жалғызбасты ару Суперкубокқа аттанады” деген жазба қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram